Әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай әкесіне қымбат көлік сыйлады (видео)

0

Бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатында топ жарған спортшы Санжар Тәшкенбай әкесіне қымбат көлік сыйлады, деп хабарлайды Kznews.kz

Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай әкесіне жол талғамайтын Lexus көлігін сыйлаған қуанышты сәтін өзінің Instagram парақшасында жариялады. «Кеше асқар тау әкешіме бала кезден армандап жүрген сыйлығымды сыйладым. Ең бірінші осы күнге жеткізген Аллаға сансыз шүкір, екінші әке — анамыздың арқасы, барлықтарыңызға жұғысты болсын», – деп жазды боксшы Instagram парақшасында. Бейнежазбадан баласының тосынсыйынан көз жасына ерік берген әкесінің балаша қуанып, рөлге отырып жатқан сәтін көруге болады. Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай Ташкенттегі әлем чемпионатында 48 келі салмақ дәрежесі бойынша алтын алған боксшының бірі.