Әлем чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды – Қазақстан жаңалықтары

0
5

Орта салмақтағы IBF чемпионы, америкалық боксшы Калеб Плант (20-0, 12 КО) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (40-1-1, 35 КО) жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Геннадий

Плант, тіпті, IBF және IBO бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинге жекпе-жекті өткізетін күнді ұсынды. Америка боксшысы Геннадиймен маусым айында кездескісі келеді.

Алайда, Калеб WBA Super атағын иеленген британдық Каллум Смитпен (27-0, 19 КО) де жұдырықтасуы мүмкін.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин оң аяғынан жарақат алып, рингке оралуды кейінге қалдырғаны хабарланған болатын.

stan.kz