Әлем чемпионаты-2019: Қазақстанның хоккейден жастар құрамасы алғаш рет жеңіске жетті

0
Әлем чемпионаты-2019: Қазақстанның хоккейден жастар құрамасы алғаш рет жеңіске жетті


Қазақстанның хоккейден жастар құрамасы 2019 жылғы Әлем чемпионатында жеңіске жетті.

Даниялықтармен өткен ойын 4:3 есебімен аяқталды. Хоккейден отандық жастар құрамасы 2019 жылғы Әлем чемпионатының ынталандыру раундында даниялықтармен кездесіп, жеңіске жетті. Қазақстан құрамасының құрамында Олег Бойко (2-минутта), Ернар Мұсабаев (12-минутта), Саян Данияр (34-минутта) және Артур Гатиятов (49-минутта) шайба салып, көзге түсті.

Қазақстандық команда ертең, 4 қаңтарда, Дания құрамасына қарсы тағы бір ойын көрсетеді. Ойын Астана уақыты бойынша сағат 23:00-де басталады.

Дереккөз: stan.kz