Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны бір жарым миллионнан асты — Қазақстан жаңалықтары

0

Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны бір жарым миллионнан асты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Бұл туралы америкалық Джонс Хопкинс университетінің сайтында жарияланды. 

9 сәуір күнгі деректер бойынша, 1,5 миллионнан астам індетті жұқтырған. 87 706 адамның өмірін қатерлі ауру жалмаса, 317 855 адам аурудан толығымен емделіп шығыпты. 

Қазір АҚШ сырқаттанғандардың саны жөнінен бірінші орында: 423,1 мың адам азамат ауру жұқтырып, 14 мың адам көз жұмған, тағы 22,9 мыңы кеселден айығыпты. Испанияда 146 690 науқас тіркеліпті, олардың 14,6 мыңы көз жұмып, 48 мыңы аурудан емделген. Италияда 139 422 індетке тап болған, 17,6 мың адам көз жұмса, 26,4 мыңы аурудан толығымен жазылып шығыпты. 

Қазақстандағы коронавирус бойынша 9 сәуірдегі эпидемиологиялық жағдайға сәйкес коронавирус жұқытрған 759 адам анықталып отыр, олардың 54-і ауруханадан шығарылса, 7-і аурудың салдарынан көз жұмған. 

stan.kz