Әлем бойынша ең арзан баспана Қазақстанда

0

Қазақстандағы тұрғын үйді жалдау құны әлемдегі ең төмен баға деп аталды. Еліміз 138 мемлекет үшін мәліметтер беретін рейтингте 107-ші орында тұр, деп хабарлады ORDA.

Қазақстан ТМД елдері арасында үшінші орында. Тек Армения (92 орын, индекс – 10,36) және Ресей (100 орын, индекс – 9,77) жоғары.

2020 жылғы желтоқсанда Қазақстанда жайлы тұрғын үйдің жалдау құны шаршы метрі үшін 1600 теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,3% қымбат. Қараша айымен салыстырғанда жайлы тұрғын үйді жалдау құны 1,2% -ға өсті.

Қазақстанда жалдау бағасы ең жоғары – Нұр-Сұлтанда (шаршы метрі 2900 теңге), Алматыда (2300) және Ақтауда (2000), ең төмені Семейде (1200).