Алексей Навальныйға түрмеде мәжбүрлеп тамақ ішкіземіз деп сес көрсетіп жатыр
Ресейдің Владимир облысы Покров қаласындағы №2 түзету колониясында жазасын өтеп жатқан оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйға түрме басшылығы мәжбүрлеп тамақ ішкіземіз деп сес көрсетіп жатыр. Осылай деп саясаткердің твиттер парақшасында хабарланды.
Видя серьезность голодовки, администрация ежедневно угрожает начать принудительное кормление. При этом Алексея перевели обратно из медчасти в отряд. Врача к нему так и не пускают.
— Alexey Navalny (@navalny) April 12, 2021
Оппозиционерді медициналық бөлімнен отрядқа қайта жіберген. Бұл қашан болды – айтылмаған. Навальныйдың серіктері оған аяғы мен белі ауырса да, әлі күнге дейін дәрігер жіберілмеді дейді. Саясаткер аштық жариялағаннан бері 8 келі жоғалтқан, наурыз айының ортасынан түрмеге отырғаннан бері 15 келіге арықтаған. Қазір Навальныйдың салмағы 77 келі деп жазылған твиттер парақшасында.
Алексей Навальный «Ив Роше» ісі бойынша Мәскеудің Симонов аудандық сотының 2 ақпандағы шешіміне сәйкес түрмеге жөнелтілді. Сот шешіміне сәйкес, ол екі жарым жыл абақтыда жазасын өтеуі тиіс.
Навальный денсаулығына байланысты шағымданған. 31 наурызда ол дәрігер шақыруын талап етіп, аштық жариялаған. Түрме дәрігерлері оның омыртқасында екі жарықшақ барын анықтаған.
Саясаткер адвокаттары арқылы отрядындағы он бес адамның үшеуі туберкулёз ауруымен ауруханаға жатқызылғанын хабарлаған. Оның өзі де дене қызуы көтеріліп, қатты жөтеліп жүр екен.
«Дәрігерлер альянсы» басшысы, Навальныйдың жеке дәрігері Анастасия Васильева мен оның адвокаттары саясаткер жеткілікті деңгейде дәрігер көмегін ала алмай жатыр деп шағымданады. Ал түрме басшылығы болса, оған барлық жағдай жасалынып отыр дейді.