Алексей Цой денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
Қысқа сілтеме алу
Ол Қазақстан президенті іс басқармасы медицина орталығының басшысы болып тағайындалды
АСТАНА, 19 ақпан — Sputnik. Алексей Цой ҚР денсаулық сақтау вице-министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлады премьер-министрдің ресми сайты.
«Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Алексей Владимирович Цой басқа жұмысқа ауысына байланысты ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды», — деп жазылған хабарламада.
Алексей Цой Қазақстан президенті іс басқармасы медицина орталығының басшысы болып тағайындалды.
Ол 2007-2010 жылдары Астана қаласындағы ҚР президенті іс басқармасының заманау медициналық технологияларды енгізу орталығын басқарды.
2010-2011 жылдар аралығында Астана қаласындағы ҚР президентінің іс басқармасының медициналық орталығы басшысы қызметін атқарды.
2011 жылы Астана қаласы №1 қалалық ауруханасының бас дәрігері қызметіне тағайындалды, аталған қызметті 2014 жылға дейін атқарды.
Алексей Цой 2017 жылы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалғанға дейін ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі болды.
sputniknews.kz