Алексей Цой алдағы екі айға болжам жасады

0
694
Цой
Цой

Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа байланысты күз кезіне қатысты болжамын айтты.

«Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың қараша айына дейінгі болжамын жаңартты. Пессимистік сценарий бойынша қыркүйекте індет жұқтырғандардың орташа саны тәулігіне 6300, қазанда 2400 адамға дейін болады деп күтілуде. Шынайы сценарий бойынша қыркүйекте 5 400 жағдайға, қазанда 1 800 жағдайға жетеді. Оптимистік сценарий жағдайында қыркүйекте 4 200 жағдайға, қазанда 1 300 жағдайға жетеді», — деді Алексей Цой.

Ол сонымен қатар соңғы екі аптада індет біртіндеп азая бастағанын айта кетті.

«Бір апта ішінде індет жұқтыру деректері әсіресе, Әзірбайжанда көбейді. Бұл елде жеті күн ішіндегі аурушаңдық деңгейі 63 пайызға артқан. Жапонияда аурушаңдық деңгейі 34 пайызға Израильде 33 пайызға ұлғайған. Қазақстанда індет көрсеткіш жеті пайызға төмендеді. Әлемдік рейтингте бір миллион халыққа шаққанда аурушаңдық пен өлім-жітім деңгейі бойынша еліміз 222 мемлекеттің ішінде 101-орында тұр», — деді министр.