«Алдын ала ойластыруға болмай ма?». Адвокат Тоқаев құрған агенттік туралы
Белгілі адвокат Жангелді Сүлейменов жаңа құрылған агенттікті сынға алды.
Ол шешім қабылдамас бұрын алдын ала дұрыстап жоспарлап алуға кеңес берді.
«26 қаңтар күні Тоқаев экономикалық қылмыстармен күресетін агенттік құруды тапсырды. Бұл туралы ол үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді. Ал бүгін қаржы мониторингі бойынша агенттік құрып отыр. Мұны қалай түсінуге болады? Басқа нәрсе тапсырды, бірақ басқа нәрсе құрды?
Екі күн ішінде агенттіктің атауы мен мән-жайын өзгертіп жіберді, осыны алдын ала ойластыруға болмайтын ба еді. Тез қабылданған шикі шешімдер. Тоқаевты тағы да аяғынан шалды… Егер Президенттің сөйлеген сөзі мен шешімінде мұндай тәртіпсіздік болып жатса, онда басқа мемлекеттік органдар туралы не айтуға болады?» — деп сынады адвокат Жангелді Сүлейменов.