«Алдымен су беріңдерші». Тоқаевқа өтініш айтқан баланың арманы орындалды (ВИДЕО)
Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Шахтер ауылындағы музыкант бала Николай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өтінішін айтқан еді. Бала жақында Қарағанды облысына іс-сапармен барған Президенттен су ішуге арналға кулер сұрады, деп хабарлайды Kznews.kz Skifnews.kzақпарат порталына сілтеме жасап.
«Мәдениет үйіне су ішетін кулер қойса екен», — дейді бала.
Желі қолданушылары баланың таза жүрегі мен арманына тәнті болды.
«Алдымен су беріңдерші» деді ғой», «Жаным-ау, тәттісін-ай», «Коляның арманы орындалған шығар», «Бақытты болу үшін көп нәрсенің қажеті жоқ», «Баланың жүрегі таза ғой», «Халқын ойлап айтқаны», — деп жазған олар.
Кейін журналист Әділ Балтабаев Николайдың арманы орындалғанын, Мәдениет үйіне кулер қойылғанын көрсетті.