Әлде ағам қауқарсыз ба? — деп өзі бір гигант құсап қоқиланып…
Әлде ағам қауқарсыз ба? — деп өзі бір гигант құсап қоқиланып…
Әжім.
Таксидің артқы есігінен кіріп отырдым. Айнасынан маған бір қарап алды да әңгімесін бастап кетті.
— Жұмысқа кеш бара жатқан жоқсыз ба?
— Жооқ. — Қонаққа жалғыз бара бересіз ба?
— Қонаққа емес.
— Ағамыз үйде қалды ғой балаға қарап?
— Бала өсіп кеткен. Бір кезде 21 тг туралы маған қызық емес ұзын-сонар әңгімесін айта бастады..
— Сізде кәмелетке толмаған неше бала бар? Ағамыз айлық алса, сіздікі бар, балалардың пособиесі..
— Ұлым кәмелетке толып кеткен.
— Ее, жассыз ғой, әлі екі-үшеуін туып үлгересіз. Әлде ағам қауқарсыз ба? — деп өзі бір гигант құсап қоқиланып айнадан қарап қояды.
Сосын сұрақты төтесінен қойдым: Сіз осы не біле алмай отырсыз, ашығын айта беріңізші?! «Ағам, ағам»- деп қоймай қойдыңыз ғой? Ағаңызбен бірге тұрмаймын! — дедім аларып. Менен мұндай агрессия күтпеді-ау деймін, үндемей қалды.
«Жалғызбасты әйелдерге баланы жеткізу қиын ғой мына заманда»- деді сәлден соң жай ғана. Нешедесіз? — деді.
— Сіздің маған жаныңыз ашып отыр ма, әлде, ұлыма ма? Ұлыма жаныңыз ашыса, картасының номерін берейін, ақша салып тұрыңыз, — дедім әдейі. Рахаттанып күліп алды.
— Әйтпесе, Алла әркімнің несібесін әуелбаста-ақ бөліп қойған, оған қам жемеңіз, -дедім.
— 33-34-те шығарсыз көп болса? — деді айнадан тағы бір қарап алып.
Енді мен күліп жібердім. Жасымды айтып едім, — Аа??? — деп , көзі шарасынан шығып кете жаздап, мойнын созып маған жақсылап тағы бір қарап алды да, «Өте жас көрінесіз! «- деп таң қалғанын жасырмады. Оның таң қалғанына мен таң қалдым. Бірақ іштей қуанып қалдым. Мойындаңыздаршы, барлық әйел өзін «жас көрінемін»- деп ойлайды ғой? Жастары шамалас екі әйел қатар тұрса, екеуі де өзін екіншісінен жас көрінем деп ойлайтыны анық.
— Өзі ауылдан жаңа көшіп келген-ау шамасы. Әйтпесе қалада өз жасынан анағұрлым жас көрінетін әйел көп қой, — деп ойладым таксисттің ақшасын беріп жатып..
Бірақ әжімді кетіргенімен, ерінді икемге келтірмей көнектей етіп, бетті көлкілдетіп ісіріп жіберетін укол жасатып алатын немесе артық тері қалмағанша кестіртіп-кестіртіп, соңында жұп-жұқа терісі оң жағымен ыржиса оң жаққа ауысып, сол жаққа қарап күлсе сол жағына ауысып жүретін әйелдерді әлі күнге дейін түсіне алмай келем. Қатты айтсам, кешіріңіздерші мені. Қазір косметология дамып кеткен. Бетті ұзақ қартайтпаудың жолдарын қарастырса әріңді кетірмеудің табиғи әдістері өте көп.
Мысалы, массаж. Жапондық массаж техникасын меңгергелі бері әрі білімді дамытып, іздену үстінде көп жаңалықтарға тап болдым. Массаж арқылы төмен жылжып кеткен теріні жылжытып бастапқы орнына келтіруге болады, немесе шлак толып, ажырап кеткен бет сүйегін кішірейтіп, жақ сүйекті жылжытып жоғарылатуға болады.
Жүрек, жан тазалығы, ең басты қағида осы. Баладай таза жүрекке тән де сай болуға тырысады. Ішке баратын тағам тазалығы. Ағзадағы қышқыл алмасуды реттеп отыру өте маңызды. Дене қимылы. Бұлшық еттер үнемі тонуста болуы керек. Бұлшық етте де жады бар. Жады ескірмеу керек. Жұлынның саулығы. Сегіз сағаттық тыныш ұйқы. Қараңғыда ұйықтау шарт. Бетті ылғалдау үшін суды көп ішу керек. Жанды, тәнді, жүректі қуанту. Шынайы сүю. Жақсылыққа ниеттену. Жаман ойламау.
Ал, әжім.. Әжім деген әдемі ғой.. Әжім — сенің көрген-білгенің, жүріп өткен сан қилы жолың, зердеңе тоқығаның. Әйелдің шынайы әдемілігін сол жүзіндегі әжіміне қарап бағалауға болатын сияқты. Жүректен әжім кеткен сайын беттегі әжім де азаяды , қыздар! Әдемілік — жүректе!!!
Айгүл Бажанова
Фейсбуктегі парақшасынан
Көрілген: 22 Пікірлер: 0