Алдағы үш күнге ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде аяз күтіледі

Алдағы демалыс күндері Қазақстандағы ауа райын көбінесе антициклондар анықтайтын болады. Сол себепті, республиканың басым аймағында аяз күтіледі деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Алдағы күндері түнде республикада 30-38 градусқа дейін аяз күтіледі, ал ауа температурасы күндіз 18-27, кей жерлерде 30 градус аяздан жоғары болмайды, бұл климаттық нормадан төмен болып табылады.
Ал Қазақстанның солтүстік жартысындағы суық және күшті антициклон, сондай-ақ, Орталық Азиядағы жылы циклон республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысының тау асуларында жаяу бұрқасын мен шығыс желінің күшеюіне себеп болады.Тағы да оқыңыздар
Дереккөз: kaz.nur.kz