алдағы үш күнге ауа райы болжамы
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Суық атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде жаңбыр, қар жауып, жел күшейеді
АСТАНА, 15 наурыз — Sputnik. «Қазгидромет» синоптиктері 2019 жылдың 16-18 наурызына болжам жасады.
Қазіргі уақытта ауа температурасы климаттық нормадан 5…13°С жоғары болып тұр. Осы аномальді жылы ауа райынан кейін Қазақстанға суық антициклон жылжып, республиканың көптеген облысында температураны төмендетеді.
«Алайда антициклон кірерден бұрын Қазақстан арқылы жылжыйтын суық атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде жаңбыр, жылбызғы қар жауып, жел күшейеді. Әдеттегідей көктемнің алдында, түнде және күндіз тұман түсіп, жолдың көрінуі нашарлайды деп болжануда», — деп жазылған хабарламада.
sputniknews.kz