Алдағы үш күнде Астананың ауа райы қандай болады

0
115

Астана, BAQ.KZ. Елордалық Төтенше жағдайлар комитетінің сайтында дабылды ескертулерге қатысты мәліметтер берілді.

«Астана қаласында 25-27 қарашада көктайғақ, бұрқасын сақталады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні – секундына 15-20 метр. 25-27 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасын сақталады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші – кей жерлерде секундына 15-20 метр, 25 қарашада екпіні 25-ке жетеді. Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95 %» – делінген хабарламада.

Естеріңізде болса, бұған дейін Астанадан шығатын барлық бағыттағы жолдардың жабылғанын және бүгін еліміз бойынша қандай ауа райы болатынын хабарлаған болатынбыз.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:


Дереккөз: BAQ.KZ