Алдағы үш күнде 26 градусқа дейін аяз болады

0

Қазақстандағы алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Қазгидромет елде суық антициклон жүретінін, оның Қазақстанға әсері туралы айтты.

«Кей жерлерде әлі де қар, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты қар жауады, бірақ антициклонмен түнде ауа температурасының солтүстік аймақтарда 18-26 аязға дейін, оңтүстік аймақтарда 5-15 аязға дейін төмендеуі күтіледі», — дейді синоптиктер.

Еліміздің кей жерлерінде тұман, оңтүстік жартысында — көктайғақ, солтүстік бөлігінде — бұрқасын күтіледі.