Home Жаңалықтар Алдағы уақытта жауын-шашын көптеп түседі – Қазақстан жаңалықтары

Алдағы уақытта жауын-шашын көптеп түседі – Қазақстан жаңалықтары

0
37

Қазгидромет 3-5 наурыз аралығына арналған ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ауа райы

Синоптиктердің болжауынша, алдағы уақытта жауатын жауын-шашынның мөлшері көбейеді.

«Көктем жылы және жауын-шашынсыз күн райынан басталды. Бірақ көктемде тұрақсыз ауа райы болғандықтан, алдағы тәуліктерде, Қазақстанға ығысатын атмосфералық фронттармен, басым бөліктерде жауын-шашын, жаңбыр, жылбысқы қар, көктайғақ және тұман күтіледі. Демалыс күндерінде байқалған жоғары температурадан кейін, алдағы күндері ауа температурасы төмендейді және нормаға жақын болады», – делінген ауа райы болжамында.

stan.kz