Алдағы күндері Қазақстанда 25 градусқа дейін аяз күтіледі

0

Алдағы күндері Қазақстан территориясында Орал және Батыс Сібір аймақтарынан арктикалық фронттардың оңтүстік-шығысқа жылжуымен қар, кей жерлерде бұрқасын, солтүстік-шығыс желінің күшеюі және көктайғақ күтіледі.

«Ал фронттардың артынан арктикалық теңіз акваториясында қалыптасқан антициклон жылжиды. Онымен республиканың көптеген облыстарында күннің суытуы күтіледі.

Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түңгі ауа температурасы 13…18, кей жерлерде 20…25 язға дейін төмендейді, бұл орташа көпжылдық мәннен 4…10°С-қа төмен.

Тек республиканың батысында осы күндері ауа температурасы нормаға жақын және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін «Қазгидромет» РМК атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты сәрсенбі күні еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтілетінін хабарлады. Синоптиктер батыс пен солтүстік-батыстың кей жерлерінде жаңбыр және қар, солтүстікте және шығыста қар жауады деп топшылаған.