Алдағы күндері елімізде қар жауады — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Қазақстанда алдағы күндері жаңбыр, жылбысқы қар жауып, жел күшейеді. 16-19 наурыз күндеріне ауа райы болжамын жасаған синоптиктер осылай дейді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап Stan.kz.

Алдағы күндері елімізде қар жауады

Ауа температурасы климаттық нормадан 5-13 градус жоғары аномальді жылылықты көрсеткен ауа райынан кейін, Қазақстанға суық антициклон жылжып, республиканың көптеген облыстарында ауа температурасының төмендеуіне алып келеді.

«Бірақ антициклон кіруінің алдында Қазақстан арқылы жылжитын суық атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде жауын-шашын, жаңбыр, жылбысқы қар жауып, жел күшейеді. Сонымен қатар әдеттегідей көктемнің алдында түнде және күндіз көрінуі 500 метрге нашарлайтын тұман күтіледі», — делінеді хабарламада. 

Астанада бүгін түннен бастап күн суытады. 16 наурызда күндіз 3-5 градус суық болады, түнде ауа температурасы -8-10 градус болады. 17 наурызда ауа температурасы -17 градусқа дейін төмендейді.

Алматыда ауа температурасы 15-18 градус жылылықты көрсетеді. 

Ал Шымкентте 21-23 градус жылы болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz