Алдағы күндері ауа райы қандай болады? — Ел жаңалықтары

0

Синоптиктер 27-29 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері ауа температурасы жоғарылайды.

«Қысқа мерзімді суытудан кейін Қазақстанға күзгі жылы қайтадан оралады. Алдағы үш тәулікте ауа температурасының жоғарылауы күтіледі, бірақ көптеген облыста жауын-шашын мен бұлтты ауа райы сақталады. Республиканың солтүстік жартысында бұрқасын болып, күшті батыс желі соғады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда күндізгі температура плюс 5…15 градусқа дейін, республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында 0…плюс 5 градусқа дейін көтеріледі», — деді «Қазгидромет» өкілдері.

Тек батыс облыстарда температура плюс 2…13 градустан 0…8 градус аязға дейін төмендейтіні айтылады.