Алдағы күндері ауа райы қандай болады
«Қазгидромет» РМК 30 наурыз – 1 сәуір аралығындағы ауа райына болжам жасады
НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде еліміздің басым аумағында ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Қазгидромет» РМК ақпаратынша, 20 наурыздан астрономиялық көктемнің басталуымен, ауа температурасы жылдам көтеріледі. Ауа райының құбылмалы болуы циклон мен антициклондардың тез алмасуымен байланысты.
«Сондықтан алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағында ауа райы жауын-шашынды, оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Дегенмен, қысқа уақытқа болса да, күн ашылып, жылынады», — делінген хабарламада.
Ірі қалалардағы ауа райы
Нұр-Сұлтан
- 30 наурызда: күн бұлтты, жауын-шашынсыз, ауа температурасы күндіз +11, түнде +2 градус;
- 31 наурызда: күндіз аздап жаңбыр жауады, сынап бағанасы күндіз +9, түнде 0 градусты көрсетеді;
- 1 сәуірде: күн ашық, ауа температурасы күндіз +10, түнде -3 градус.
Алматы
- 30 наурызда: күн бұлтты, жаңбыр жауады, күндіз +10, түнде +12 градус;
- 31 наурызда: күн ашық, сынап бағанасы күндіз +18, түнде +9 градусты көрсетеді;
- 1 сәуірде: күн ала бұлтты, ауа температурасы күндіз +22, түнде +13 градус.
Шымкент
- 30 наурызда: түнде аздап жаңбыр жауады, +9 градус, ал күндіз күн ала бұлтты, ашық, +15 градус;
- 31 наурызда: аздап жаңбыр жауады, түнде +6, күндіз +18 градус;
- 1 сәуірде: ауа райы жауын-шашынды, найзағай ойнайды, түнде +13, күндіз +11 градус.
sputniknews.kz