Алдағы күндері Астанада қар жауады

2018 жылғы 9 желтоқсан 18:12 69

АСТАНА. ҚазАқпарат — Синоптиктердің болжауынша, дүйсенбіде елордада қар жауады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.
10 желтоқсанда күн құбылмалы болып, күндіз қар жаууы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 9-14 м/с дейін күшейеді. Сынап бағанасы түнде -16-18°С, күндіз -7-9°С көрсетеді.
11 желтоқсанда да күн құбылмалы болады, кейде қар жауады. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -15-17°С, күндіз -7-9°С көрсетеді.
Дереккөз: https://www.inform.kz/kz