Алдағы демалыс күндері аяз күтіледі

0
110

Еліміздің басым аймағында түнде 30…38 градусқа дейін аяз болуы ықтимал.

26-28 қаңтарға арналған болжам бойынша, демалыс күндері Қазақстандағы ауа райын көбінесе антициклондар анықтайтын болады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Сол себепті республиканың басым аймағында түнде 30…38 градусқа дейін аяз күтіледі, ал күндіз 18…27, кей жерлерде 30 градус аяздан жоғары болмайды, бұл климаттық нормадан төмен.

Ал, Орталық Азия арқылы циклон жылжыйтын болады.

Қазақстанның солтүстік жартысында суық және күшті антициклон және Орталық Азиядағы жылы циклон республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысының тау асуларында жаяу бұрқасын мен шығыс желінің күшеюіне себеп болады.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/