Алдағы 3 тәулікте елімізде тұрақсыз ауа-райы сақталады

0

Қар, бұрқасын және ауа температурасының күрт ауытқуы күтіледі.

24-26 қаңтар аралығына Қазақстанның бірқатар аймақтарында ауа-райы күрт өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Zakon.kz «Қазгидромет» РМҚ сілтеме жасап хабарлайды.

Циклон мен антициклондардың тез бірінен соң бірінің ауысуымен байланысты Қазақстанның батыс, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасының күрт ауытқуы күтіледі.

Ал циклонмен байланысты атмсофералық фронттармен қар, бұрқасын және батыстан қатты жел күтіледі.

Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында ауа температурасының күрт ауытқуы күтілмейді, бірақ атмосфералық фронттармен бұл аймақтарда жылбысқы қар, таулы аймақтарда қатты қар, көктайғақ және тұман түсуі ықтимал.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/