Alar тобының әншісі топқа туыстық арқылы келгенін мойындады — Қазақстан жаңалықтары
Alar тобы 2016 жылы қанат қаққан жас топ. Бұған дейін BN атауымен шыққан топтың атауы да, құрамы да 2018 жылы өзгертілді.
Жастар арасында кеңінен танылған топтың қоржынында «Топ-томпақ», «Жаным-ай», «Осындаймын» т.б әндер бар, деп хабарлайды Евразия арнасына сілтеген Stan.kz.
Жас әнші Зирузамен бірге бейнебаян түсірді. Ол You-tube желісінде 2 млн рет қаралған. Топқа Еркебұлан Молдашев жетекшілік етеді.
Топ құрамындағы Ақниет топқа туыстық арқылы келгенін мойындады.
«Біз туыс болғандықтан, топқа келдім. Туыстар арасынан таңдалдым. Ол кезде мектеп оқушысы едім. 11-сыныпта оқитынмын», — дейді Ақниет.
Топ әншілері туыс болғандықтан, ешқандай келісім-шарт жасаспағанын, еркілеріне сай өнер көрсететінін айтты.
Алдағы уақытта бір әніне бейнебаян түсіруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, еліміздегі қалаларды аралап концерт беретін жоспары жайында айтты.
stan.kz