Алапат жарылыс жақын маңдағы ауылдың үйлерін түгел қиратқан (видео)

0
2710

Жамбыл облысындағы оқ-дәрі қоймасында болған сұрапыл жарылыс салдарынан жақын маңдағы ауылдар қирап қалған, деп хабарлайды ЭК.

Апат ошағына ең жақын елдімекен — Қайнар ауылы жарылыс салдарын қатты тартып отыр. 18 отбасы ғана тұратын шағын ауылда бір сау үй қалмапты. Жарылыстан соң қайта оралған қайнарлықтар не істерін білмей дал.

«Мынау Мәмбетов Ізбасхан деген кісінің үйі. Үйінің төбесі құлайын деп тұр»,

— дейді видеоға түсіріп жүрген тұрғын.

Байзақ ауданының жергілікті тұрғындары бүлінген үйлерді видеоға түсіріп, мессенджерлер арқылы таратып жатыр. Бейнежазбада осы ауылдағы бір үйдің шатыры қирап, терезесі сынғаны көрінеді. Үйдің ішіндегі жиһаздар қирап, үйдің төбесі түсіп қалған. Қабырғалары да қақырап жарылған. Қора-қопсылары да құлағалы тұр.