Алапат тасқын: 30 адам мерт болған
Италия министрлер кеңесі толассыз жауған жаңбыр мен су тасқынынан зардап шеккен елдегі 20 облыстың 11-іне төтенше жағдай жариялады.
Фото: inform.kz
18:56 09.11.2018
Аталып өтілгендей, төтенше жағдай 2 қазаннан бері табиғи апаттан зардап шеккен өңірлерге енгізілді. Атап айтқанда, Калабрия, Эмилии-Романье, Фриули-Венеция-Джулия, Лацио, Лигурия, Ломбардия, Сицилия және Сардиния аралдары, Тоскана, Венето және Трентино — Альто-Адиджада. Үкімет табиғи апаттың келтірген залалын жою үшін €53,5 млн бөлді. Тағы €200 млн таяу уақытта бөлінеді. Аймақ өкілдері бұл қаржының жетіспейтіндігін мәлімдеді. Инфрақұрылым және көлік министрі Данило Тонинеллидің алғашқы бағалауы бойынша, Апеннинамда келтірілген залал 3 млрд еуроны құрап отыр.
Табиғи апаттың салдарынан 30 адам мерт болған. Алапат дауылдан миллиондаған ағаш құлап, курорттар мен туристік порттар қираған.
Дереккөз: inform.kz