«Алаңым» театрында тек әуесқой әртістер ойнайды
– Біздің өнер ошағы театр сүйер жастардың екінші шаңырағына айналды. 2018 жыл ұжым үшін өте қарқынды өтті. Біз гастрольдік сапармен Астана, Қарағанды және Павлодар қалаларында болып қайттық. Көрермен қауым барлық жерде бізді өте жылы қабылдады. Алдағы уақытта да осылай жұмысымызды жалғастырып, жаңа дүниелер жасап, көрермендерімізді қуанта беруді жоспарлап отырмыз, – дейді театр басшысы Әсем Асанханова.
Қазіргі таңда театр труппасында 12 мен 29 жас аралығындағы 78 әуесқой әртіс бар. Олар буффонад, мюзикл, драма, трагедия, комедия, фарс, феерия және басқа да жанрларды белсенді түрде меңгеруде.
Бүгінгі күнге дейін «Алаңым» жастар театры көрермен назарына «Айман-Шолпан», «Құстар фестивалі», «Мир моды», «Услышь меня», «Жаралы гүлдер», «Женитьба султана» сынды спектакльдерді ұсынып үлгерген.
Қайрат ӘБІЛДА,
«Егемен Қазақстан»
Қарағанды
Дереккөз: http://egemen.kz/