Home Жаңалықтар «Алаңда балық аулауға болатын еді»: «Астананың» бас бапкері Түркістандағы матчқа қатысты сын...

«Алаңда балық аулауға болатын еді»: «Астананың» бас бапкері Түркістандағы матчқа қатысты сын айтты

0
184
Сурет: Stan.kz

«Астана» ФК бас директоры Михаил Гурман футболдан 2021 жылғы Қазақстан чемпионатының бірінші турының «Тұранға»қарсы матчтың ұйымдастырылуы және өту барысын қатаң сынға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу Түркістандағы жаңа стадионда өтіп, 2:2 есебімен тең аяқталды. «Астананың» бас бапкері Андрей Тихонов жаңбырдан кейінгі алаңның жағдайы нашар болғанын айтты.

«Біздің клубтың ұстанымы өте қарапайым: бүгінгі Түркістандағыдай жағдайда ойнауға болмайды. Біздің қабылдаушы тарапқа да, стадионға қатысты да ешқандай шағымымыз жоқ. Бұл алаңды сертификаттаған федерацияға сұрақтарымыз бар. Табиғат әрқашан кез келген технологияға қарағанда күшті. Кейде біз оған бағынуымыз керек және жеңуге тырыспауымыз керек. Түркістанда жауған қар мен жауын-шашын мөлшеріне алаң төтеп бере алған жоқ.

Егер алаң толығымен шұңқыр болса, ол алаң емес көлді еске түсіреді, ондай жағдайда не үшін ойнауымыз керек? Біздің өкілдер лигаға хабарласып, уақытын ауыстыруды сұрады. Бірақ олар бізді тыңдаған жоқ. Неліктен мұндай шешім қабылданды, төреші мен ұйымдастырушылар нені басшылыққа алды? Мен бас жаттықтырушымыздың пікірімен толықтай келісемін, бұл футбол емес, бұл мазақ қылу», – деді Гурман.

Ол сондай-ақ комманда ештеңеден ұтылмағанын айтып, мүмкіндік болмағанын жеткізді.

«Көрдіңіз бе, біз бұл ойында ұпай жоғалтқан жоқпыз. Тіпті егер біз жеңіске жетсекте осы сөзді айтар едім. Біз футболшыларымыздың денсаулығына қауіп төндірдік. Егер ертең оларға суық тисе немесе пневмониямен ауырса? Егер біреу осы жағдайға байланысты далада ауыр жарақат алса? Лига бізге матчтың басқа күнге ауыстырылмауының себебін нақты түсіндіруі керек. Неге бізді дәл бұлай мазақ етіп отыр?

Екі команданың 90 минут бойы денсаулықтарына қандай қауіп төнгенін бүкіл ел көрді. Не үшін? Егер хоккей алаңында мұз болмаса, командалар хоккей ойнайды ма? Сіз өз еркіңізбен автокөлігіңізбен жолсыз жермен жүресіз бе? Неліктен бізді жымқыл алаңға шығып ойнауға мәжбүр етеді? Тіпті, алаңда балық аулауға да болатын еді! Футболшылар – бұл ең алдымен адамдар. Олар өздеріне деген мұндай көзқарасқа, қорлыққа лайық емес еді!» – дейді «Астананың» бас директоры.

1$, 5$, 10$... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету