Алаяқтар Министрдің даусымен жалған хабарламалар таратуда
Министрдің айтуынша, алаяқтар оның дауысын қолдан жасап, аудиохабарламалар таратып жатыр.
«Кейінгі уақытта белгісіз біреулер менің атымнан таныс және бейтаныс адамдарға жасанды интеллектінің көмегімен дауыстық хабарламалар жіберу жағдайлары жиілеп кетті. Сіздерден осындай хабарламаларды елемеуді, бейтаныс нөмірлерді бұғаттауды сұраймын. Бұл – алаяқтардың әрекеті. Алданып қалмаңыздар», — деп жазды Балаева.