Алаяқтар кішкентай баланың еміне деп жиналған 800 мың теңгені үптеп кеткен
Бөтен адамдарға банк картасы жайлы мәліметті, бір реттік құпиясөз бен смс-кодтарды айтуға болмайды.
Алаяқтар картадан кішкентай баланың еміне деп жиналған 790 мың теңгені қолды қылған, деп хабарлайды Zakon.kz Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кеткен жөн, полиция бөтен адамдарға банк картасы жайлы мәліметті, бір реттік құпиясөз бен смс-кодтарды айтуға болмайтынын, бұл ақпараттың құпия екені жайлы және мұның жеке кабинет арқылы сіздің картаңызды басқаруға қызмет ететінін кезекті рет ескертеді.
— 7 наурыз күні «Instagram» қосымшасында белгісіз біреу балаға көмек көрсетеміз деген желеумен есеп-шоп нөмірі мен банк картасының CVV-кодын біліп алған. Содан кейін мобильді банкинг арқылы есеп-шоттан баланың еміне деп жиналған 790 мың теңгені шешіп алған, — делінген хабарламада.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 190 (Алаяқтық) бабына сәйкес сот алды тергеу басталды.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz