Әл-Фарабидің бойында жылдамдықты сағатына 60 шақырымнан асыруға тыйым салынбақ — новости Казахстана

0

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек оңтүстік астананың жол апаты рейтингінде алғашқы орында тұрғанын айтты. Оның сөзінше, көлік оқиғалары тұрғындардың жылдамдықты асырғанынан болады деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: matritca.kz

Көрнекі фото: matritca.kz

Әкім түбегейлі өзгеріс енгізудің уақыты келгенін, сол үшін бір бағытты жолдар пайда болып, кей көшелерде жылдамдық сағатына 40 шақырым жылдамдыққа дейін төмендегенін айтты.

Нәтиже бойынша Құрманғазы көшесіндегі жол апаттары 40 пайызға, Шевченко көшесіндегі оқиғалар төрт есеге азайған.

Мамандар енді жылдамдық режимін әл-Фараби даңғылында, Шығыс айналма жолында және Саин көшесінде төмендетуді ұсынып отыр.

«Әл-Фараби мен Саин көшесі және Шығыс айналма жолында жылдамдықты сағатына 60 шақырымнан асыруға болмайды. Бақылау үшін 142 бекетте бейнабақылау камералары орнатылады. Ал жылдамдықты сағатына 20 шақырымға төмендетудің өзі ондаған өмірді сақтап қалуға көмектеседі», — деді Байбек