«Актрисаның өзі ме деп қалдық»: Желіге Дариға Бадықоваға ұқсайтын таиландық әйелдің видеосы тарады (видео)

0

TikTok желісінде Данияр Мұхтар есімді блогер-саяхатшы отандық актриса Дариға Бадықоваға ұқсайтын таиландтық әйелді көпшілікке көрсетті. Бұл туралы Stan.kzжазды.

Блогер тауып алған таиландық әйелдің видеосы көп қаралым жинаған.

“Саяхаттағанды ұнатамын. Достарымызбен бірге Пхукетке барып демалдық. Сондай күннің бірінде қаланың базарынан жеміс-жидек алуға шықтық. Кенет біздің актрисамызға ұқсайтын, жеміс-жидек сататын сатушы әйелді көрдім. Алғашында, Дариға Бадықованың өзі ме деп қалдым. Амандасып, танысып видеоға түсіріп алдым. Ертеңіне сол видеом 500 мың қаралым жинапты”, – деп жазды саяхатшы.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, шетелдік әйелді қызу талқылап жатыр.

  “Кино түсіп жатқан Дариға деп ойлап қалдым”, “Дариғаның әкесі бірдеңе бүлдірген шығар”, “Қатты ұқсайды екен”, “Дариға реңді сияқты”, “Ешкімге танымал емес кезінде осындай болған шығар”, “Адамға адам ұқсайды”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.

Видео: https://vm.tiktok.com/ZMrp7s5H6/