актрисаның көліктен неге секіріп кеткені белгілі болды
Қысқа сілтеме алу
Гавхар Шарипова жүргізушімен сөзге келіп, жүріп келе жатқан жүк көлігінен секірген. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды
НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша — Sputnik. Өзбекстанның танымал актрисасыГавхар Шарипова жүргізушімен сөзге келіп, жүріп келе жатқан жүк көлігінен секіріп кетті.
Оқиға 18 қараша күні Қашқадария облысындағы А-380 «Самарканд — Гузар» жолында болған.
Облыстық жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасының мәліметіне сәйкес, көлік 140 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан. Жолда жүргізуші актрисаға қол жүгірте бастаған. Актриса есікті ашса да, жүргізушінің көлікті тоқтататын ойы болмады. 39 жастағы әйел көліктен секіріп кетті. Алған жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Gazeta.uz.
Өзбекстанның қылмыстық кодексінің 266-бабы 2-бөлігіне сәйкес (көлікті басқару ережесін бұзу салдарынан болған адам өлімі) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Тағы оқыңыз: Танымал актриса шұғыл ауруханаға жеткізілді
Гавхар Шарипова «Алпомыш», «Сарвиноз», «Әпке», «Алданған әйел» сынды фильмдерге түскен.
sputniknews.kz