Актриса Жания Джуринская аяғы ауыр екенін мәлімдеді

0

Актриса Жания Джуринская оқырмандарына аяғы ауыр екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Актриса Instagram желісіндегі парақшасында баланың УДЗ суретін бөліскен.

«Сүйікті адамыңнан бала күту қандай бақыт екенін елестете алмайтын едім. Біз сені күтеміз, менің күнім, менің жүрегім», — деп жазды актриса.

Айта кетейік, блогер Данияр Хизметов пен актриса Жания Джуринская биыл 21 қазанда шаңырақ көтерген болатын.

Бұған дейін блогер былтыр 14 қыркүйекте актрисаға үйлену туралы ұсынысты ерекше жасаған болатын. Ол Ыстамбұлдағы Еуропа мен Орта Азияның арасындағы Босфор бұғазында актрисаға ұсыныс жасаған еді.