Актриса Гүлназ Жоланова ана атанды
Актриса Гүлназ Жоланова былтыр келін атанған болатын. Өнер иесінің ана атанғаны белгілі болды, деп жазады REVUE NEWS бағдарламасына сілтеме жасаған Kaz.nur.kz.
Актрисаның бұл жаңалығын Гүлнұр Мамасарипова айтып қойды.
«Гүлназ ылғи «Неге мені шақырмайсыз?», «Неге мені түсірмейсіз?» деп сұрайтын. Саған бір рөл бұйырмай жатыр дейтінмін. Осы жолы бірнеше актрисаны қарадым. Гүлназға хабарлассам, «Түскім келген кезде шақырмай, декретте отырғанда шақырғаныңыз қалай?» дейді. Балаңа қараймыз. Бүкіл группа бала күтуші боламыз, түсші дедім. Өзім қараймын дедім. Сонымен фильмге Гүлназ түсетін болды», — деді Гүлнұр Мамасарипова.
Ал Гүлназ Жоланова жеке өмірін жариялауға әлі дайын еместігін айтты.
«Бұл — менің жеке өмірім. Бұл сұрақтарға әлі жауап бере алмаймын», — деді Жоланова.