Актриса Гүлжамал Қазақбаева қызымен 13 жылдан кейін қауышты (видео)

0

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлжамал Қазақбаева «Алғашқы» бағдарламасында Ләззатпен қауышты, — деп жазады Kznews.kz turkystan.kz сайтына сілтеме жасап,

Өнер иесінің айтуынша, қызы Ләззатты көрмегеніне он жылдан асқан.

«Мен алғашында қатты сағынатынмын, қиналатынмын. Кейін келінім қызымнан кем болмады. Өмірде көрген қиындығым болсын, басқасы болсын, тәубе деймін. Қызымды көрмегеніме он жылдан асты. Олар Қазақстанға 13 жыл бұрын келді. Пандемияның алдында маған шақырту жіберген. Бірақ шекара жабылып, кездесу тағы да қалып кетті. Сағыныш деген – жақсы да, қиын да сезім», — дейді Гүлжамал Қазақбаева.

Бағдарлама барысында актрисаның қызы Ләззат бір құшақ гүл алып, студияға кіріп келеді.

Видео: https://youtu.be/OLI7D_pJhQw