Актер Жан Байжанбаев тікелей эфирде журналисті ұрып жіберді (видео)

0

Қазақстандық тележүргізуші Жан Байжанбаев тікелей эфир кезінде журналистке соққы жасады. Актердің ұрған сәті видеоға түсіріліп, әлеуметтік желіде тарап кетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қызықты оқиға «Таңғы Studio» бағдарламасының тікелей эфирінде орын алған. Тілші актерге қалжыңдаймын деп, одан соққы алып қалды. Бағдарлама журналисі «Оскар» сыйлығын табыстау кезіндегі Уилл Смиттің әрекеті жайлы айтты. Актер салтанатты шарада «Оскар» жүргізушісін ұрып жіберген болатын. Тілші Байжанбаевтың әлі «Оскар» алмағанын және мұның таңғалдырарлық жағдай емес екенін айтып қалды. Сол сәтте ашуға булыққан Байжанбаев студиядан шығып, тілші тұрған аймаққа барып, оны ұрып жіберді. Желі қолданушылары даулы сәтті хайп үшін жасалған әрекетке теңеді. «Хайп үшін не жасамайды?», «Пародия болды ғой», «Уилл Смитке пародия жасағаны ма?», «Арзан хайп», «Өтірік екені көрініп тұр», «Әдейі ойластырылған дүние ғой», «Шынымен ұрып жіберді ма?», — деп жазуда көпшілік.