Актер Шәріп Серік қамауға алынды

Актер Шәріп Серік бес тәулікке қамалды.
Бұл туралы актердің бұрынғы сүйіктісі Әлия Бутеева мәлімдеді.
Әлия Бутееваның сөзінше, 4 сәуірде әкімшілік сот өтіп Шәріп Серік өз кінәсін мойындаған. Осылайша ол бес тәулікке қамауға алынды.
Бүгін Актер Шәріп Серік әлеуметтік желіде тараған видеоға байланысты мәлімдеме жасаған еді. Ол сүйіктісін ұрғанын мойындап, бейнежазба жолдады.