Актер Нұртас Адамбай сот алдында жауап бермек

0

Қазақстандық комедиялық актер, шоумен, продюсер, ал қазір блогер Нұртас Адамбай Астанада сот алдында жауап береді.

Сот кабинетінде жарияланған ақпаратта айтылғандай, оған діни қызмет туралы заңды бұзғаны үшін айып тағылды.

«Нұртас Абайұлы Адамбай Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 490 – бабының 1-бөлігінде, 4-тармағында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасады деп айыпталуда», — делінген Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысында.

Оған ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салуға, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат ғимараттарына қайта бейіндеуге (функционалдық мақсатын өзгертуге) қойылатын заңнамада белгіленген талаптарды бұзу айыбы тағылды.

Сонымен қатар, іс материалдарында актерге осы баптың 1-бөлігінің 3-тармағы: діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, дайындауға, шығаруға, басып шығаруға және (немесе) таратуға қойылатын талаптарды бұзу деп белгіленеді.

Сот отырысы 1 тамызға тағайындалды.

Фото: instagram.com/nurtasadambay