Актер 560 мың доллармен жерлестерінің қарызын жауып берді

0
111
Актер  560 мың доллармен жерлестерінің қарызын жауып берді


Әйгілі үнді актері Болливуд жұлдызы Амитабх Баччан 560 мың доллар қалтасынан төлеп, жерлестерінің қарызын жапты.

Актер 1398 шаруаның қарызынан құтылуға көмектесті.

Актер көмектескен шаруаның бәрі Уттар Прадеш штатында тұрады.

Үнді актері дағдарысқа түсіп, наразылық танытқан шаруаларға қолдау білдірмек болды. Шаруалар қарызды жауып, ауылшаруашылығында бағаны өсірмеуді талап еткен еді.

Үндістанда он мыңдаған шаруа қаржылай қиындықты бастан кешуде. 30 жыл бойы ауылшаруашылығында өндіріс құлдырап, су жетіспей халық зардап шекті. Көп шаруа қасірет шегіп, көз жұмды. 1995 жылдан бері осындай 300 оқиға тіркелді.

Дереккөз: Stan.kz