«Әкімның квотасы»: «Нұр Отан» партиясынан сайлауға түсу үшін әкімнің танысы болу керек пе?

0

Қолданыстағы заңға сәйкес мәслихат депутаттығына үміткерлердің 30 пайызын жергілікті әкім ұсынады.

«Мынау тоғыздың Шымкент қаласы үшін не еңбегі сіңді? «Бәрін ашық өткіземіз, бәрінің бағдарламасымен танысасыздар» деп айтқан еді Байбек! [«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек – ред.] Бұлардың бағдарламасымен қайдан таныссақ болады? Әлде тыныш қана әкімнің құлағына сыбырлап шыққан ба қала үшін не істейтінін? Халық білсін де бұлардың алдын ала берген уәдесін! Әкімнің квотасы деген дүние жойылмай мен бұл сайлауға сенбеймін! Депутат әкімдердің емес, халықтың даусымен сайлануы керек!» дейді қоғамдық белсенді,  ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшесі Айгүл Орынбек.