Әкімнің креслосында отырып әзілдеген блогер көптің ашуына тиді (фото)

0

Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің креслосында отырып әзіл видео түсірген блогер көптің ашуын тудырды. Кадрда роликтің авторы шенеуніктердің міндеттері туралы айтып, қалжыңдаған.

Мемлекеттік тудың қасында отырып, әзілмен халық мәселесін шешкендей кейіпте отырған азаматты біреу жақтаса, біреу даттап жатыр. Видео мыңдаған қаралым жинады.

Жергілікті белсенділер осы әкімді жауапкершілікке тартуды талап етеді. Ол Мемлекеттік орынды “әзіл-күлкіге” айналдыруға мүмкіндік берді дейді.