Әкімнің келуін талап еткен жұрт жолды жапты
27 маусымда Шымкентте «Ақмешіт» мешіті мен «Бекжан» базары алдындағы көшені Арыс тұрғындары жапты. Олар әскери қоймадағы жарылыстан кейін осы жерде уақытша орналасқан еді.
Өздеріне Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етіп тұрған жұрт «Арыс!», «Жер беріңдер!» «Үй беріңдер!» деп айғайлады. Шымкент қаллық әкімдігінің өкілі наразыларды мешітке баруға шақырғанымен, жиналған жұрт оған бағынудан бас тартты.
Адамдар жиналған жерде қалалық полиция қызметкерлері мен шенеуніктер жүр. Осы жерге келген Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жұртты көше жолын босатып, мешітке барып сөйлесуге шақырды. Жиналғандардың бір бөлігі оның сөзіне құлақ асып, әкіммен бірге мешітке кіріп, тағы бір бөлігі көшеде қалды.
Азаттық оқиға орнынан тікелей эфирде хабарлайды: