Әйелі — әкімнің жиені: экс-министрдің жұбайы туралы тың деректер белгілі болды
Қуандық Бишімбаевтың жұбайы — 1992 жылы туған Нүкенова Салтанат Амангелдіқызы. Бұл оның екінші әйелі, біріншісінің есімі Назым. Бишімбаев онымен колониядан босатылғаннан кейін ажырасқан.
Салтанат Нүкенова қайтыс болған кезде 31 жаста еді. Туған жері Павлодар. 1992 жылы 15 мамырда дүниеге келген. Бұл туралы ақпарат оның жеке әлеуметтік желілерінде көрсетілген.
Салтанат Нүкенова астрологиямен айналысқан. Оның қызметтерінің құны 80 мың теңгеден басталады. Human Desig іс-шараларына астролог ретінде белсенді қатысқан. Кешке қатысу құны 30 мың теңгеден басталады.
Салтанаттың өзі Instagram парақшасында жазғандай, экс-министрмен оның қабылдауына келген кезде танысқан. Болжам бойынша, ерлі-зайыптылар шамамен бір жыл бұрын үйленген.
Қуандық Бишімбаев 1980 жылы туған, 2017 жылы қамауға алынғанға дейін жоғары лауазымдарда болған.
2009-2010 жылдары Президент Назарбаевтың көмекшісі болып жұмыс істеді. Содан кейін сауда және экономикалық даму министрінің орынбасары, Самұрық-Қазына Қоры Басқарма төрағасының орынбасары болды. 2013 жылдан 2016 жылға дейін «Бәйтерек» басқармасының төрағасы, ал 2016 жылы бірнеше ай Ұлттық экономика министрі қызметін атқарды.
2017 жылғы 10 қаңтарда Бишімбаев аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша ұсталды және 2018 жылғы 14 Наурызда 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
2019 жылдың 25 қыркүйегінде бұрынғы шенеунік босатылды, Шымкент қаласының Абай аудандық соты шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қанағаттандырды.
Бишімбаевтың төрт баласы бар.
ақпарат, фото: t.me/orda_kz