Әкімдіктер бейбіт шеру өткізу туралы өтінішті қабылдамайды: митинг туралы жаңа заңға қашан өзгеріс енеді — Қазақстан жаңалықтары
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бейбіт шерулерді өткізу қолға алынатын мәлімдесе де, Үкіметте әлі күнге нақты қадамдар жасалмай отырған сияқты. Азаматтардың заңды мүдделерін қорғау мен мемлекетті құқықтық қамтамасыз етуге жауапты Әділет министрінің өзі не істеліп жатқанын жарытып айта алмады. Белсенділер болса шеру өткізу туралы өтінішті әкімдіктердің көбінесе қабылдамайтынын айтып шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «31 арнаға» сілтеме жасап хабарлайды.
Суретте белсенді Мұратбек Кәрімов
Алматы мен Нұр-Сұлтанда 4 тамызда ұялы телефон мен компьютерлерге орнатылып жатқан қауіпсіздік сертификатына қарсы бейбіт шеру өту керек еді. Қоғамдық белсенділер әкімдікке өтініш білдіріп, шенеуніктерден «жоқ» деген жауап алған. Қазіргі уақытта олар рұқсат сұрау ережесіне қарсы.
«Митинг туралы заңға сәйкес келмеуіне байланысты деп рұқсат бермеді. Бірақ қай жері сәйкес келмейтіні түсініксіз. Түсінікті жазылмаған. Бірақ бұл жай ғана бұлай қалмайды. Негізі, митингіге рұқсат сұраудың өзі заңсыз. Жақында ғана өткен митингілерден ешнәрсенің қирамағанын, сынбағанын көріп отырмыз», — дейді белсенді Мұратбек Кәрімов.
Тоқаев бейбіт шерулерге рұқсат беруді реттейтін заң қабылданатынын екі ай бұрын айтқан. Дегенмен, ол құжатта не өзгеретіні жайлы нақты ақпарат жоқ. Әділет министрі Марат Бекетаевтың сөзіне сенсек, бейбіт шеру туралы тақырып әлі талқыланып жатыр
«Бұл мәселе басқа министрдің қызметінде. Менде бар ақпарат бойынша, бұл мәселе әлі талқылануда», — деп министр тілшілерге жауап берді.
Жуырда жасақталған Ұлттық кеңестің мүшелері митинг туралы заңға конституциялық өзгерту енгізу керек деп отыр. Бірақ әзірге рұқсат беру тетігін қалдыру керек екен.
«Болашақта біздің елімізде белгілі бір саяси мәдениет пайда болғанда ол сол митингілерді өткізуге жай рұқсат беру емес, митинг өткізу жөнінде хабарламаларды беріп те жасауға болады», — дейді саясаттанушы Ерлан Саиров.
Заңгерлердің пікірінше, бейбіт шерудің мәні өзекті түйіткілді көпшілікке жеткізу болғандықтан митингті өткізетін орынды белгілеу қисынсыз. Ал, қауіпсіздік сертификатына қарсы шеру өткізгісі келгендер бұл мәселеге елдің назарын аудартуды көздеп отыр.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде бейбіт митинг өткізуді көздеп, мақсатына 36-шы рет өтініш білдіргенде жеткен алматылық белсенді Қазақстанға қажетті үш реформаны атады.
stan.kz