«Әкімдіктен бір адам келіп хәл сұраған жоқ». Өрт салдарынан ұлынан айырылған ана жылап тұрып үндеу жасады (ВИДЕО)

0

31 желтоқсанда Талдықорғанда жекеменшік екі қабатты үйде газ-ауа қоспасы жарылып, өрт салдарынан Бекпаевтар отбасының отағасы қаза тапты. Әйелі мен төрт баласы ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Марқұмның анасы болған жағдайға байланысты үндеу тастап, әлі күнге дейін жергілікті билік өкілдерінің қажетті көмек білдірмей, әрекетсіздік танытып отырғанын жеткізді, деп жазады Kznews.kz Alash.kz ұлттық порталына сілтеме жасап.

«Бүкіл Қазақстан шулап жатыр. Үйімде үлкен қайғы, апат болды. Арыстай ұлымнан айырылдым. Төрт немерем мен келінім жансақтау бөлімінде  аппараттың астында жатыр. Бәрі күйіп, жүре алмай жатыр… Құзырлы органнан, әкімдіктен, газ саласында жұмыс істейтіндерден бір адам келіп хәл сұраған жоқ. Көрші-қолаң, ағайын-туыс бәрі көмектесіп жатыр. Неге бүкіл Қазақстан шулап жатқанда келмейді? Әкім қайда? Газ қызметкерлері қайда? Неге көңіл айтып, мына жағдайды көрмейді? Неге білмейді? Бір отбасы апатқа ұшырап, күйреп жатыр…  Келінім аппараттың астында жатыр… Есін жимай… 10-сыныпта оқитын тағы бір ұлым реанимацияда жатыр… Кішкентай 4-сыныпта оқитын Томирисім де ауруханада жатыр… Шашы беті бәрі күйген. Келінім де күйген. Сау жерлері жоқ… Үлкен ұл аяғын баса алмайды.  Екі табаны, өне бойы түгел күйген.  Кеше дәрігерлерге жалынып жүріп, әкелерімен қоштасып, зират басына топырақ салды… Қандай тасжүрек адамдар мынау! Сұмдық қой! Шақырдық. Газдың иісі шығып тұр.  Оны көрген, бірақ үндемей кетіп қалған. Қайда барамыз? Не айтамыз? Шаңырағы мынау… 4 баласы аман шықса… Құдайға тәуба…», — деді марқұмның анасы.