әкімдік жаңа жүйе енгізудің себебін айтты

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қала әкімдігі көлік қозғалысына қатысты қисынсыз әрекеттің алдын алу үшін онлайн жүйені енгізу қажет деп шешім қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Карантин кезінде Шымкентте көлікпен жүрудің жаңа жүйесі енгізілді. Енді, көлігі онлайн базада тіркелген адамдар ғана жолға шыға алады, деп хабарлады Хабар 24 арнасы.

Бұған дейін көлік жүргізушілері жұмыс орны берген анықтамамен жүре беретін. Бірақ көлік ағыны көп болғаннан кейін қала әкімдігі мен полиция департаменті және кәсіпкерлер палатасы электронды жүйені енгізу қажет деп  шешім қабылдады. Яғни, карантин кезінде онлайн базаға тіркелген көліктер ғана көшеге шыға алады.

Дегенмен, қала тұрғындары жаңа бастамаға наразы. Себебі электронды жүйенің техникалық ақаулықтары шығып жатыр. Соның салдарынан базаға тіркелу мүмкін емес. Жеке мәліметтер жүктелмейді. Ал блок-бекетте түрлі мәліметтер шығады.

Оқи отырыңыз: «Жағдайды ушықтырып аламыз»: Тоқаев оңтүстіктегі жағдайға алаңдаушылық білдірді

Полицейлер әрбір көліктің онлайн рұқсатын тексеруге кірісті. Қалада көлік ағыны азайғанымен, тексеріс кезінде кептеліс басталады.

Қазіргі кезде азық-түлік жеткізумен айналысатын кәсіпкер Валерий Ким өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр. Өйткені компания қызметкерлерін онлайн жүйеде екі рет тіркеуге тырысқанымен, нәтиже шықпады. Салдарынан компания өкілдері қала көшелерімен жүре алмай отыр.

Ал қала әкімідігі техникалық ақаулықтың шыққанын мойындады. Сайтқа бір уақытта 200 мыңнан астам адам кіргеннен кейін жүйе ондай салмақты көтере алмай қалды.

«Осы күні қолдан жасалған анықтамалар көбейген және оны полицейлер де анықтады. Мәселен, қымбат көліктермен жүретін адамдарды ұстап, қайда бара жатқанын сұрасақ, азық-түлік жеткізумен айналысамыз дейді. Қисынсыз нәрсе ғой. Осыған байланысты онлайн жүйені енгізуге тура келді», – дейді қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов.

Қазіргі кезде әкімдік онлайн жүйені енгізу жұмысын басқа компанияға тапсырды.



sputniknews.kz