«Әкімдік қарамайды» Маңғыстау облысының тұрғындары жолдарды өз күшімен жөндеп жатыр

0

Ауыл халқы алтыншы жыл қатарынан жолды өздері жөндеуге мәжбүр

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір – Sputnik. Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылының тұрғындары елді мекендегі жолдарды өздері жөндеп жатыр, деп хабарлайды жергілікті «Лада» порталы.

Бұдан бұрын жаңбыр жауып, ауылдағы жолдарды су шайып кеткен екен. Тіпті әлеуметтік желіде ауыл балаларының батпақты басып, мектепке бара жатқан сәтінің видеосы жарияланған.

Жергілікті биліктің әрекетін күтпей-ақ тұрғындар жолды өздері жөндеуге кірісіпті. Басқұдық ауылының тұрғыны Мейірбек Тұрмамедов елді мекен халқы бірнеше жыл бойы автожолдарды өздері жөндеп жүргенін ашық айтты.

«Әр адам басына 10 мың теңгеден жиналамыз. 10-12 адам бар. Әкімдік жолдарға қарамайды. Әсіресе, жаңбырдан кейін. Балалар мектепке бару үшін жолдың шетімен жүруге мәжбүр. Біз алтыншы жыл қатарынан жолды өзіміз жөндеп жатырмыз. Осы жолы Бәйтерек ауылындағы жолды жөндеуді қолға алдық», — деді ол.



sputniknews.kz