«Алтын Орда» базарының жабылмау себебін білесіз бе?
Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов локдаун кезінде Алматы маңында орналасқан «Алтын Орда» базарының іс жүзінде еш шектеусіз жұмыс істегенін, соның салдарынан базарда алматылықтардың топтап жиналғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әкім орынбасарының айтуынша, «Алтын Орда» базарының республикалық маңызы бар, онда басқа өңірлерден, тіпті шетелдерден – Қырғызстан мен Өзбекстаннан өнім әкелінеді.
«Азық-түлікке баға белгілеу маңызды рөл атқарады, себебі бұл базардан көтерме саудагерлер сауда жасап, сатып алады. Егер біз оны жабатын болсақ немесе бірнеше күнге шектеу қойсақ, онда дүрбелең туып, бұл азық-түлік бағасының өсуіне әкеледі», – деді Батыржан Байжұманов.
Әкім орынбасарының айтуынша, базарда санитарлық-эпидемиологиялық шаралар сақталған. Оны мониторингтік топ өкілдері тексеріп отырады.
Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина өндіретін тағы бір кәсіпорын іске қосылды Сонымен қатар, қызметкерлерге ыңғайлы болу үшін үш вакцинациялау пункті бар.
Еске сала кетейік, бұған дейін тамыз айының аяғында демалыс күндері қалада тек «Алтын Орда» базары мен «Апорт» сауда орталығы жұмыс істеп тұрған еді.