Ákimdigi. Астана әкімдігі ғимаратының маңдайшасы өзгерді — Ел жаңалықтары

Астана қалалық әкімдігі ғимаратының маңдайшасы латын графикасына өзгертілді. Бұл туралы әкімдік баспасөз қызметінің өкілі Эльвира Жүргенбаева мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Жақсы жаңалықпен бөліскелі отырмын. Жаңа жылдан бері кіреберістегі маңдайша жазу қала әкімі Бақыт Сұлтановтың тапсырмасымен латын әліпбиіне көшірілді. Әкімдікке келушілер жақсы бағасын беруде», — деп жазды Эльвира Жүргенбаева Facebook желісіндегі парақшасында.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz